Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: әділет саласындағы атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтар

Шымкент: әділет саласындағы атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтар
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтарға сапалы заңгерлік көмек көрсету – әділет саласының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде Шымкент қаласында 328 нотариус, 504 адвокат және 1331 заң кеңесшісі тіркелген. Қала тұрғындарына құқықтық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында бірқатар заманауи жаңашылдықтар енгізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтар адвокаттар мен заңгерлердің кеңесіне онлайн режимде жүгіне алады. Бұл қызмет «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы арқылы ұсынылады және ол «E-gov» порталына интеграцияланған. Сонымен қатар, жасанды интеллектіге негізделген құқықтық чат-боттар халыққа 24/7 тәртібінде жедел жауап беріп келеді. Осы жылдың 1 шілдесіне дейін бұл қызметті 5 мыңнан астам азамат пайдаланған.

Нотариат қызметі де цифрлық форматқа көшуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласындағы нотариустар 390 034 қызмет көрсетіп, оның 15 364-і онлайн түрде «Е-нотари» платформасы арқылы жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, апостиль қою процесі де толығымен онлайн форматқа көшірілген. Азаматтар АХАТ органдарының, нотариустар мен мемлекеттік органдардың құжаттарына апостильді egov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында 2025 жылдың алғашқы жартысында 14 әкімшілік іс қозғалып, 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 30 мыңнан астам контрафактілік өнім алынып, оның жалпы құны 17,7 млн теңгені құрады. Бұл өнімдердің басым бөлігі тұрмыстық химия мен тағам өнімдері болып табылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, «географиялық нұсқама» ұғымы енгізілді. Бұл ретте Шымкенттегі бірқатар кәсіпкерлер өз өнімдерін «Сайрам Нан», «Тассай ет», «Шымкент Саз», «Шымкент макарон» атауларымен тіркеп үлгерді. Бұл нұсқамалар жергілікті өнімдердің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мемлекеттік қолдау алуға жол ашады.

Сот актілерін мәжбүрлеп орындату саласында да автоматтандыру белсенді жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында 8 мемлекеттік және 162 жеке сот орындаушы жұмыс істейді. Мемлекет пайдасына 20 АЕК-ке дейінгі істер автоматтандырылған тәртіппен орындалады. Осы жылдың алғашқы алты айында мұндай 12 809 іс аяқталып, 268 млн теңгеден астам сома өндірілді.

Әлеуметтік маңызы бар істердің бірі – алимент өндіру іс жүргізулері. Қазіргі таңда Шымкентте осы санаттағы 13 727 іс қаралуда. 2025 жылдың алғашқы жартысында алимент төлеуден жалтарған 29 адамға қатысты сот үкімдері шығып, 121 борышкер әкімшілік жаза ретінде қамаққа алынды.

Осы және өзге де әділет саласындағы цифрландыру шаралары халыққа сапалы, ашық және тиімді құқықтық қызмет көрсетуге бағытталып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті