Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құқықтық қолдау - халыққа!

Құқықтық қолдау - халыққа!
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Еліміздің үздік заңгерлері мен құқық қорғау өкілдері осы бастамаға үн қосып, кез келген азаматқа тегін консультация беруде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласында бұл игі шара Арбат демалыс аймағында өтіп жатыр. Іс-шараны қала әкімдігі, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Әділет департаменті ұйымдастырған. Науқан аясында 60-тан астам білікті маман тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуде. Олардың қатарында - адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары мен басқармалар мамандары бар.

Құқықтық мәселелерін шешуге келген тұрғындар өздерін мазалаған сауалдарға жауап алып, тиісті мекемелерден қажетті ақпаратқа қанықты. Айта кетсек, тұрғындардың басым көпшілігін мемлекеттен берілетін гранттар мен жеңілдетілген несиелер қызықтыруда.

— Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар халыққа өте маңызды. Кәсіпкерлік саласына бет бұрғысы келетін азаматтар үшін біз өз тарапымыздан жан-жақты ақпарат беріп, қажетті кеңестер ұсынып жатырмыз, - дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы Фатима Сариева.

Шара аясында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру басты назарда болды. Мұндай акциялар халықтың заңды тұрғыда қорғалуы мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Айта кетейік, 2016-2024 жылдар аралығында акцияға 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын жетекші өкілдері қатысып, құқықтық көмекке жүгінген 300 000-нан астам адам консультация алған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі