Шымкент қаласындағы “Бақытты жанұя” орталығының ұйымдастыруымен шаһар аумағындағы көпбалалы аналармен қоғамдық қабылдау өткізілген болатын. Оның аясында әр саланың білікті мамандары аналар қауымына түрлі құқықтық көмектер көрсете алады.
Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Карабаев, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Б.Жұмаев қатысты.
Кездесу барысында көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы аналар жылжымайтын ортақ мүлікті бөлісу, әкелікті анықтау және әке құқығынан айыру, алимент өндіру, мұрагерлікті рәсімдеу, банкрот ретінде тану, бұғатталған банк шоттарын шешу, сотқа өткен құжаттарды реттеу, тұрғын үйді жекешелендіру, «қызыл сызықта» салынған үйді заңдастыру, берешегін өтей алмаған азаматтардың несиесін қайта қарауға өтінім беру, көш-қон мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.
Айта кеткен жөн, Шымкент қаласындағы Әділет департаменті жергілікті партия ұйымдары, қоғамдық қорлардың, заң қызметкерлері өкілдерін арнайы шақырта отырып, осындай форматтағы кездесуді ұдайы ұйымдастырып отырады. Қоғамның ұйытқысы болатын көпбалалы аналар қауымы көптеген мәселелерін дәл осы алаңда шешіп, алғыстарын айтуда.
17-12-2023, 13:34
Шымкент: көпбалалы аналарға арналған құқықтық кеңестер берілуде
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз