Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда кәсіпкерлік пен сауда саласында 156 жоба қолдау тапты

Маңғыстауда кәсіпкерлік пен сауда саласында 156 жоба қолдау тапты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда кәсіпкерлік пен сауда саласында 156 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстауоблысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Маңғыстау облысында кәсіпкерлік пен сауда саласында 156 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде 150 жұмыс орны сақталып, қосымша 81 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қолдау көрсетілген жобалардың ішінде 111 жоба субсидиялау құралы арқылы, 45 жоба кепілдендіру тетігі арқылы жүзеге асырылған.

-Әлеуметтік кәсіпкерлер мен «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының финалистеріне мемлекеттік гранттар беру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Қараша айында өткізілген конкурстық рәсімдердің нәтижесінде 20 кәсіпкердің жобасы мақұлданып, 50 жаңа жұмыс орны құрылады, - деді басқарма басшысы.

Брифинг барысында Пікір Сансызбаев облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында да белсенді шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.

-2025-2026 жылдардағы күз-қыс маусымында облысты көкөніспен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 4 шаруашылықпен форвардтық келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, 2000 тонна картоп, 765 тонна сәбіз және 4,5 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынбақ. Облыс бойынша 340 сауда нысанымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстеме бағаны 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдарға қол қойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Маңғыстау облысы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы бойынша алғашқы бес өңірдің қатарында, - деді Пікір Сансызбаев. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті