Биылғы жылдың басты жаңалығы – «Ауыл аманаты» жобасы. Сайрам ауданында жоба аясында құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 234 азаматтың жобасы дайындалған. Кәсіпкерліктің басым бөлігі ауылшаруашылығы бағытында болса, одан кейінгі сатыда сауда және қызмет көрсету салалары тұр. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға көбейген. Ауыл аймақтағы жолдың да жайы жақсара түскен.
Жыл басынан бері Сайрамда 189-жоба мақұлданып, 132-сі қаржыландырылған. Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 68,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 26 кәсіпкерге 1,4 млрд. теңге көлемінде қолдау жасалған.
Қарабұлақ ауылдық округіндегі жол мәселесі көптен көтеріліп келген. Тұрғындар проблеманы арқалап әкімдікке талай барған. Жақын арада күрек тимейтінін естігендер екі жарым шақырым жолды өздері жөндеуге кірісіп кеткен. Қарабұлақ ауылдық округіндегі жолдардың 30 пайызы ғана асфальтталған. Биыл 4 көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. 2024-2025 жылдары су жүйелері жүргізу жоспарланған. Жұмыстар аяқталған соң өзге көшелерді асфальттау жұмысы жалғаспақ.
Айта кетейік, ағымдағы жылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосылған құнын арттыру, кооперативтерді дамыту стратегиялық міндет екенін атап өтті.
20-12-2023, 14:56
Шымкенттің Сайрам ауданында өнім көлемі артып, жол сапасы жақсарған
Фото: "Шымкент келбеті" газеті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз