Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Safi Holding Қазақстанда қант зауытын салуды жоспарлап отыр

Safi Holding Қазақстанда қант зауытын салуды жоспарлап отыр
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналатын Safi Holding жылына 140 мың тоннаға дейін қант өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Зауыттың қызылша өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 150–200 миллион АҚШ доллары.

Қазіргі уақытта инвесторлар зауытты орналастыру үшін қолайлы өңірлерді қарастыруда. Орналасатын орынды таңдаудағы басты факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды егістік жер көлемінің жеткіліктілігі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайын екенін, соның ішінде қолданыстағы заңнама аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға әзір екенін растады.

«Аталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Сафи Атакан көрсетілген қызығушылық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның қант саласын дамытуға қолайлы агроөнеркәсіптік әлеуетке ие екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады