Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Қазақстандағы ең ірі қант зауытының құрылысының басталуын инвестормен талқылады

Серік Жұманғарин Қазақстандағы ең ірі қант зауытының құрылысының басталуын инвестормен талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Жамал әл Гурайрмен кездесу өткізді. Тараптар Алматы облысында қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың егжей-тегжейін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны іске қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «QazaqArabSugar» ЖШС арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Жобаны жүзеге асыруға бағытталған жол картасы бекітілді. Ол Қазақстан Даму Банкі арқылы қаржыландыруды, жер телімін бөлу мен кеңейтуді, оны «Alatau» АЭА аумағына біріктіруді, инженерлік инфрақұрылымды тартуды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және зауыт салуды қамтиды. Қазіргі кезеңде инвестор құрылыс жүргізілетін орынды анықтап үлгерді.

Жоба бойынша жылына 500 мың тоннаға дейін қант қызылшасын қайта өңдеу қарастырылған. Зауыт құрылысымен қатар шикізатты өсіруге арналған суармалы жерлерді дамыту және кеңейту жоспарланып отыр.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – үш жыл. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі, инфрақұрылымға қосылу мәселелері және өзге де ұйымдастырушылық-техникалық сұрақтар талқыланды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады