Бс, 10 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да азаматтық штаб мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді

"Ел үшін егілемін" коронавирустық пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штабының қатысуымен Батыс Қазақстан облысында COVID-19 жағдайы және вакцинациялау қажеттілігі туралы объективті ақпарат беру мақсатында «БҚО-дағы вакцинациялау: вакцина алмағандардың инфекция жұқтыру қаупі» тақырыбында онлайн конференция өткізілді. Шара барысында штаб мүшелеріне халықты мазалайтын өзекті сұрақтар қойылып, толық жауап алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталмыш тәуелсіз белсенділер бірлестігі 2021 жылғы 3 тамызда коронавирус пандемиясымен күрес мақсатында құрылған. Азаматтық штабтың міндеті-COVID-19 вакцинациясы туралы объективті ақпараттың максималды мөлшерін ұсыну және азаматтарды вакцинациялауға сендіру. Ұйымдастырушылар ұжымдық иммунитетті қалыптастыра отыра, халықтың 70-80%-ын вакцинациялау нәтижесінде ғана мүмкін болатын өмірге қайта оралуды мақсат етеді. Штаб құрамында 200-ге тарта белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар.

Шара басында штаб мүшесі, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев жалпы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жайында баяндап өтті. Келесі кезекте көрермендерден, БАҚ өкілдерінен келген сұрақтарға эпидемиолог Айнагүл Мұханова жауап берді. Конференция барысында штаб мүшелері әлеуметтік желілерде де ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуінің маңызын атап өтті. Осы орайда штаб мүшесі, блогер, журналист Динара Сәтжан да арнайы эпидемиолог және басқа да мамандармен тікелей эфирлерге кіріп, халықпен жұмыстануда.


Брифингте көпшілікті мазалайтын жұмыстан босату тақырыбы да қозғалды. Юрист, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, штаб мүшесі Серік Беркамалов тақырып төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Қаулы бойынша  жұмыс беруші вакцина алмаған жұмысшыны жұмыстан шығара алмайды. Медициналық қарсы көрсеткіштері жоқ бола тұра вакцина алудан бас тартқан жұмысшыға жұмыс беруші 3 нұсқа ұсынады. Қашықтан жұмыс істеу, уақытша демалыс алу немесе апта сайын өз есебінен ПЦР-тест тапсыру. Демек жұмыс беруші қызметкерді қаулы негізінде жұмыстан шығара алмайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Халиұлы өз кезегінде Ashyq бағдарламасы бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге болатын жерлер мен бағдарламада кімдерге жасыл түс жанатынын және олардың жүріп-тұруына деген шектеулер жайында сөз қозғады.

Брифинг соңында репродуктолог Вячеслав Локшин вакцина алғаннан кейінгі бала көтеру мәселесі жайында айтып өтті.


Айбарша ЛЕКЕРОВА
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты