Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ел үшін егілемін» азаматтық штабы Орал қаласының тұғындарымен кездесу өткізді

"Ел үшін егілемін" коронавирустық пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штаб Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына COVID-19 жағдайы және вакцинациялау қажеттілігі туралы объективті ақпарат беру мақсатында дәрігерлермен, сарапшылармен, еріктілермен, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. 3 бөлімнен тұрған кездесуге облыс белсенділері, мұғалімдер, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесудің алғашқы бөлімінде штаб мүшелері облыс белсенділерімен, атап өтсек қоғамдық пікір көшбасшылары, белсенділер, еріктілер, дәрігерлер, блогерлер және спорттық ұйым басшыларымен кездесті. Шара барысында спикерлер коронавирустық инфекцияның өткен жылмен салыстырғандағы санының анағұрлым өскендігін және өлім санының көбейіп жатқандығын айтып өтті. Еліміз коронавирус өлімі бойынша әлемде 6 орынға шығып отырғанын айтып, індетті жеңу жолы вакцинация екендігін тілге тиек етті. Штаб өкілдері елімізде вакцинация қарқынының күрт төмендегенін статистикамен келтіріп, вирустың мутацияға жол беріп жатқандығын және оны жеңу жолы – вакцина алу деңгейінің өспеуі індетттің алын-алуға кедергі екенін жеткізді.

Халыққа вакцинациялау қажеттілігі туралы шынайы әрі түсінікті ақпарат алуға көмектесуге дайын белсенділер арасында белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар – Вячеслав Локшин, Жібек Жолдасова, Рафаил Розенсон, Динара Сәтжан, Рахым Ошақбаев, Саида Таукелева, Майра Измайлова және басқалар бар. Барлығы бастамашыл командаға 200-ден астам жоғары кәсіби мамандар кірген, олардың әрқайсысы өз білімін, кәсіби тәжірибесін және елді вакцинация туралы пікірлер хаосынан шығару үшін басқа да ресурстарды қолдануға дайын.


Жалпы, биылғы жылы көрсеткіш алты есеге – тәулігіне 7,5 мың жағдайға дейін өскен. Өткен жылы 15 Тамызда амбулаториялық және стационарлық емделуде жүрген 20 мың адам ресми түрде тіркелсе, қазір ол алты есеге – 117,8 мың адамға дейін өсіп отыр. Өткен жылы стационарда 3,4 мың адам емделсе, биыл өсім тоғыз есеге өсіп, 31,5 мың адамға дейін жетті. Қазіргі уақытта біздің елімізде вакцинациялауға жататын 10 млн адамның 6 млн-ы ғана вакцинацияланған.

Келесі кездесулерде штаб мүшелері мектеп басшыларымен және мұғалімдерімен, кейін жұмыс берушілер мен кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында вакцинацияның кем тұстары мен артықшылықтары жайында сөз қозғалды. Осы орайда азаматтық штаб қатысушыларының бірі Рахым Ошақбаев Отандық вакцина «QazVac» вакцинасының тиімділігі мен артықшылықтары жайында сөз қозғады. «Қай вакцина болмасын вакцинация – пандемияны тоқтатудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы» дейді спикерлер.      

Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы: 

Бұл штаб халық арасында дұрыс ақпараттық түсіндірілу жұмыстарының негізінде құрылды.  Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, ғаламторда өте көп теріс ақпарат берілген. Ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын халыққа жеткізу арқылы халықтың вакцинаға деген сенімділігін ояту және жоба көмегімен вакцина алушылардың санын өсіру – біздің жобаның басты мақсаты. 


Боровский Анатолий Владимирович, ауған соғысының ардагері: 

Менің жасым 75-те. Қараушы дәрігеріммен ақылдасып, вакцина алдым. Қарсы көрсеткіштерім болмағандықтан қорқынышсыз алуға бел будым. Нәтижесінде ешқандай жанама әсерлерін сезінбедім. Қазір жағдайым жақсы. Барша тұрғындарды вакцина алу арқылы өзімізді және жақындарымызды қоғауға шақырамын!

Ержан Байтанаев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

Вакцинаның пайдасын айта отыра өңірлердегі халықтың сенімін ояту мақсатында иницативтік топ құрдық. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көптеген теріс ақпараттар өріп жүр. Сол себепті халықты шынайы әрі дұрыс ақпаратпен таныстыру мақсатында аталмыш штаб құрылды. Басты мақсат өңірлерге вакцинаның пайдасын айтып, әлі күнге дейін сенімсіздік танытатын адамдардың бойында сенімділік ояту болып табылады. Өкінішке орай, Батыс Қазақстан облысы вакцина алу деңгейі бойынша ең соңғы орындарда тұр.

 

Айбарша ЛЕКЕРОВА 
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді