Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицей дүкеннен шыққан өртті сөндірді

Алматыда полицей дүкеннен шыққан өртті сөндірді
Фото: Polisia.kz

Алматыда полицей дүкеннен шыққан өртті сөндірді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтынас ілтеме жасап.

Алматы қаласының Бостандық ауданында күндіз Тимирязев көшесінде орналасқан дүкеннің қасбетінен өрт шықты. Оқиғаға сол кезде ауысымынан кейін үйіне қайтып келе жатқан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Жеңіс Әбдірахманов куә болған. Ол ойланбастан көмекке ұмтылды. Оның айтуынша, ең бірінші орында – ғимаратта адамдардың жоқ екеніне көз жеткізу болды.

— Түтінді көріп, жағдайдың күрделі екенін түсіндім. Алдымен ішінде адамдардың бар-жоғын тексеріп, ешкім зардап шекпегеніне көз жеткіздім. Содан кейін жақын маңнан саты тауып, қою түтін шыққан шатыр бөлігін аштым. Астынан от ошағы анықталды. Қолда бар құралдармен жалынды сөндіріп үлгердім, кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келді, — деді Әбдірахманов. 

Полицейдің батыл әрекетінің арқасында өрттің кеңінен таралуы мен адам шығынының алдын алу мүмкін болды. Өрт бастапқы кезеңде оқшауланды. Жеңіс Абдрахманов бұл – әрбір саналы азаматтың жасауы тиіс ісі деп есептейді. 

— Мен тек дұрыс деп санаған әрекетті жасадым. Мұндай сәттерде қызметте екенің маңызды емес. Егер көмектесе алсаң, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болса – әрекет ету керек. Менің орнымда кез келген азамат солай істер еді деп ойлаймын, — деді ол.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді