Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді

ШҚО-да полицейлер тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді
Фото: pixabay.com

ШҚО-да полицейлер тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шемонаиха ауданында тәртіп сақшылары Жанболат Қажмұханов пен Қуат Бөкенов өтіп бара жатқан адамдардан көрші үйдің төртінші қабатындағы балкон жанып жатқанын естиді. Олар бірден оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Ол кезде жалын төменгі қабатқа да тарала бастаған еді. Полицейлер төртінші қабаттағы жалынды сөндіріп үлгерді. Алайда үшінші қабаттағы пәтердің ішіне кіру мүмкін болмады – тұрғындар үйде болмаған, ал есік құлыптаулы еді. Қажмұханов уақыт жоғалтпай, өмірін қатерге тіге отырып, балконнан төмен түсіп, әріптесінен су құйылған бөтелкелерді алып, өртті толықтай сөндірді. Қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. Ешкім зардап шеккен жоқ, өрт сөндірушілерді шақыру қажет болмады.
- Біздің полиция қызметкерлерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Олар жылдам әрі батыл әрекет етті. Оларға тек сәттілік пен зор денсаулық тілеймін, – деп жазды тұрғын.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады