Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өзгенің мүлкін сатып жіберген азамат ұсталды

Астанада өзгенің мүлкін сатып жіберген азамат ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада өзгенің мүлкін сатып жіберген азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан ірі көлемдегі темір контейнерді заңсыз сатып жіберген 24 жастағы бригадирді ұстады. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол құрылыс жүргізуден гөрі бөтеннің мүлкін сату тиімдірек деп шешкен. Кешкі уақытта күдікті интернет желісінде 20 тонна темір контейнерді сатуға қатысты хабарландыру жариялап, тез арада сатып алушы да табылады. Арнайы манипулятор келіп, контейнерді құрылыс алаңынан еш кедергісіз тиеп алып кетеді. Барлық әрекет кәсіби түрде ұйымдастырылғандай көрінгендіктен, куәгерлер ешқандай күдік келтірмеген — олар контейнер бригадирдің меншігі деп ойлаған. Алаяқ бұл мәміледен 300 мың теңге пайда тапқан. Алайда контейнердің нақты иесі бұл сауданы білген сәтте-ақ полицияға арыз түсірген. Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңге деп бағалануда.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты мекенжайында қолға түсті. Осыған орай, полиция құрылыс алаңдарындағы басшылар мен қызметкерлерге мүліктің сақталуына ерекше назар аударуды ескертеді. Құрылыс техникасы мен материалдарына үнемі түгендеу жүргізу, бейнебақылау орнату және сенімділік қағидатын бақылаумен ұштастыру — ұрлықтың алдын алудың басты жолы. Ұжым ішіндегі сенім маңызды, алайда мүлікке қатаң бақылау одан да маңызды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады