Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда креативті экономика субъектерінің саны 17%-ға өсті

Қазақстанда креативті экономика субъектерінің саны 17%-ға өсті
Фото: pixabay.com

Мәдениет және ақпарат министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша креативті индустрияның дамуына қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қабылданған заңнамалық нормалар, салықтық жеңілдіктер және инфрақұрылым құру нәтижесінде елдің әлемдік рейтингідегі орнын жақсартты.

Атап айтқанда, Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) «креативті өнімдер мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға, ал кинематография саласында 60-орыннан 31-орынға көтерілді.

Бүгінде елде 16 креативті орталық жұмыс істеп, акселераторлар, халықаралық тағылымдамалар мен білім беру бағдарламалары іске қосылған. Бұл бастамалар керативті азаматтар мен жобаларды қолдауға бағытталған.

2025 жылдың екінші жартысында Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Қор төрт негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару.

2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4 % бөлшек сату салығын енгізген арнайы салық режимі іске қосылды. Бұл шара креативті индустрия субъекттерінің санын жыл сайын шамамен 17%, яғни 46 667 кәсіпорынға көбейтті.

— Мемлекеттің 2029 жылға қойған жоспары бойынша креативті индустриялардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін 2%-ға дейін арттыру (бүгінде 1%), креативті өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін 115 млн АҚШ долларына, ал осы салада қызмет ететін мамандар санын 180 мыңға дейін жеткізу көзделген. Бұл шаралар креативті индустрияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызын көрсетіп, елдің әлемдік нарықта жоғары орындардан көрінуіне сеп болады, — делінген хабарламада.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті