Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Jas keñes siyligi – 2025» сыйлығының өту тәртібі таныстырылды

Шымкентте «Jas keñes siyligi – 2025» сыйлығының өту тәртібі таныстырылды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, «Haileybury Astana халықаралық мектебінің қазақ тілі мұғалімі Озода Баходиркызы  2025 жылғы «Jas Keñes Siyligi» сыйлығының өту тәртібі мен ерекшеліктері туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Jas Keñes Sıylığı» — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады.

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.

Биылғы жылы номинациялар саны 7-ден 10-ға дейін кеңейтілді:

•«Janqıarlyq» — ҚР ішкі істер органдары мен қарулы күштерінің қызметкерлеріне арналған;

•«Altyn jürek» — орта және кіші медицина қызметкерлеріне (жедел жәрдем, акушер, санитар және т.б.) және дәрігерлерге арналған;

•«Önerkäsıp» — өңдеу өнеркәсібі, тау-кен, металлургия кешені және экономиканың басқа да өндірістік секторларында жұмыс істейтіндерге арналған;

•«Bolaşaq turaly qamqorlyq» — инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне, арнайы қызмет көрсететін ұйымдарға, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге (балалар үйлері, хоспистер, қарттар үйлері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету орталықтары және т.б.), сондай-ақ волонтерлерге арналған;

•«Bılım jäne Ğylym» — мектепке дейінгі, орта, ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, сонымен қатар ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған;

•«Qaisar» — апаттық-құтқару қызметі, өрт сөндірушілер және азаматтық қорғаныс жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлеріне арналған;

•«Altyn qol» — сырлаушы, сантехник, құрылысшы және т.б. жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне, сондай-ақ КСК, МИБ және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған;

•«Zharyq» — энергетика саласының, атом өнеркәсібінің, мұнай-газ кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған;

•«Örken» — агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы мамандарға арналған;

•«Örleu» — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (оның ішінде жасанды интеллект, деректерді талдау және т.б.) және креативті индустриялар саласының қызметкерлеріне арналған.

Сыйлыққа үміткер болу үшін Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылғы 20 шілде дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтеме арқылы беруге болады.

Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинациядан 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).

Сыйлық пен Кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті