Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қызды өлтіріп, мәйітін қорлаған жігітке үкім шықты

Шымкентте қызды өлтіріп, мәйітін қорлаған жігітке үкім шықты
Фото: pixabay.com

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкім шығарды. Сот олардың бірін 22 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның серігін 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіріп, мәйітін қорлады деген 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкімді оқыды. Сот Т. "Адам өлтіру" және "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" бабымен кінәлі деп танып, 22 бас бостандығынан айырды. Ал онымен бірге істі болған 18 жастағы С. "Қылмысты жасырып қалу" бабымен айыпталып, 1 жыл 4 айға бас бостандығы шектелді.

"Соттың тұжырымы сотталушылардың мойындауларымен, куәлердің жауаптарымен, айғақ заттармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен қуатталды" Шымкент соты

Қалалық соттың мәліметінше, ІІІ-топ мүгедегі Т. кінәсін ішінара мойындап, шын өкінетінін айтқан. Ал оның серігі С. кінәсін толық мойындаған. Екі сотталушы да бұрын-соңды істі болмаған.

Айыптау актісіне қарағанда, Т. марқұм 17 жастағы бойжеткен 2024 жылғы наурызда Instagram арқылы танысқан. Олар қыз-жігіт болып кездескен. Көп өтпей аралары суып, 11 наурызда қыз Т.-ға байланысты үзетінін хабарлаған. Instagram-да оны қара тізімге жіберген. Бұған Т. ашуланған. Ертеңіне базардан пышақ сатып алған. Арнайы жеңіл көлікті жалға алып, қызбен арақатынасына нүкте қою үшін кездескен.

Марқұмды қала сыртына шығарып, денесіне яғни сол жақ көкірек тұсына бір рет, артқы тұсынан екі рет соққы жасаған. Айыпталушы жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізу үшін оның мойнына тағы бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізгеннен соң мәйітті қорлау пиғылы туған.
"Содан Тойлыбай өзінің қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізу мақсатында жәбірленуші Е. киімдерін толықтай шешіп, жалаңаш денесіне қарап отырған. Сөйтіп сол қолына пакетті киіп, жыныстық құмарлықты сезіну мақсатында жәбірленуші Е. аналық жыныс мүшесіне сұқ саусағын бірнеше рет тығып өзінің іс-әрекетін ұялы телефонына түсіріп, қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізген".Прокурор Әскербек Пошимов

Үкім заңды күшіне енбеген.

Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 12 наурызда болған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті