Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды

Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды
Фото: Zakon.kz

Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

Сот экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін "Атамекен" ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы ақтауды өтінді.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының болуын таныды.

Қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

"Сот үкімімен экс-вице-министр А. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды."Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі