Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады

Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 12-13 шілде күндері демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке алаңы ашылады. Ол «KERYEN JOLY» сауда орталығының аумағында орналасқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа сауда орталығы «KERYEN JOLY» Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан. Бұл – заманауи сауда нысаны, дамыған инфрақұрылымы, адам көп жүретін аймақта орналасуы, ыңғайлы көлік қатынасы және келушілер үшін барлық қажетті жағдаймен ерекшеленеді. Тоңазытқыш және қоймалық жабдықтармен жарақталуының арқасында бұл алаң фермерлік және азық-түлік өнімдерін орналастыруға өте қолайлы.

Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлік шаруашылықтардың азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Қонақтар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет және ет өнімдерін, сүт өнімдерін, нан-тоқаш бұйымдарын, бал, тосап, табиғи шырындар мен басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сонымен қатар, дәл осы күндері – 12 және 13 шілдеде демалыс күнгі жәрмеңкелер қала тұрғындарына бұрыннан таныс мына алаңдарда да жұмыс істейді: 

• «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);

• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Барлық жәрмеңкелік алаң сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді