А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында ұлтымыздың қасиетті мұрасы – Ұлттық домбыра күніне арналған «Нағыз қазақ – домбыра» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешке ҚР қолөнершілер одағының мүшесі, Еңбек даңқ орденінің иегері, ҚР 100 жаңа есім төсбелгісінің иегері С.Қ.Әбсадықұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық патриоттық әндер байқауының лауреаты А.К.Әбдіхалықұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын С.Сейітов ұлттық мерекемен құттықтап, домбыраның ерекшеліктері, жасалуы жолдары жайлы шеберлік сағатын өткізіп, студент жастар мен жас домбырашыларға мол мағлұмат берді. «Ернұр» әлеуметтік комплекстік оқу орталығының өнерпаз шәкірттер тәрбиелеп отырған А.Ұ.Советбекқызы жас домбырашылар үйірмесінің өнерпаздары қазақтың белгілі күйлерін нақышына келтіре орындап, күйден шашу шашып көрермендерді ерекше шабытқа бөледі. Ақындар мектебінің шәкірті М.Қожабекұлы өзінің арнауын орындап мерекемен құттықтады.Сондай-ақ ұлттық аспаптың шығу тарихы мен түрлері, сонымен қатар танымал домбырашылар жайында кітап көрмесі және бейнебаян оқырмандараға ұсынылып таныстырылды. Шараға «Ontustik» телеарнасы мен «Панорама Шымкента» газеттері ақпараттық қолдау көрсетті.
