Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы қауіпті мотоцикл жүргізушілерін тоқтатты

Алматы полициясы қауіпті мотоцикл жүргізушілерін тоқтатты
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған екі мотоцикл жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кеше Шығыс айналма автожолында болды. Жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін күрт маневрлері патруль қызметкерлерінің назарын аудартқан.Тексеру және визуалды бақылау барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды: - мотоциклдердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болмаған; - көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған; -  көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеген; - маневр жасау ережелері бұзылған; - сақтандыру полисі болмаған; - жүргізуші куәлігі болмаған; - көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлікті басқарған.

Қуғыннан кейін екі мотоциклші де тоқтатылып, ұсталды. Анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша мотоцикл жүргізушілеріне хаттама толтырылды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

-Мотокөлік иелерінің кейбіреуі әдейі қауіпсіздік нормалары мен Заң талаптарын елемей, полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбайтын алаңдатарлық үрдісті байқап отырмыз. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және қатаң түрде тоқтатылады. Алматы полициясы мотокөліктерге бақылауды күшейтті: рейдтер күн сайын жүргізілуде. Барлық жүргізушіні жолдағы қауіпсіздік — ойын емес екенін есте ұстауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар өмірге қауіп төндіруі мүмкін, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді