Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда гипоаллергенді A2 сүті өндірісі жолға қойылады

Қазақстанда гипоаллергенді A2 сүті өндірісі жолға қойылады
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Молком-Павлодар» компаниясы құрамында бета-казеин A1 ақуызы жоқ гипоаллергенді сүтті өнеркәсіптік көлемде өндіретін Қазақстандағы алғашқы желіні іске қосатынын хабарлады. Өндіріс Павлодар облысында ұйымдастырылып, A2 түріндегі сүт шығарылады. Бұл өнім дәстүрлі сиыр сүтіне сезімтал адамдар үшін жеңіл қорытылатын әрі қауіпсіз деп есептеледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның жүзеге асуына A2A2 генотипі расталған асыл тұқымды ірі қара малдың елге әкелінуі негіз болды. Мұндай сиырлардан алынған сүттің құрамында A1 ақуызы болмайды.

Компанияның құрылтайшысы Вячеслав Руфтың айтуынша, гипоаллергенді A2 сүті Жаңа Зеландия, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және Германия сияқты елдерде кеңінен өндіріліп, жоғары сұранысқа ие. Ал ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда бұл өнім әлі де шектеулі түрде ұсынылып отыр.

A2 сүтінің басты ерекшелігі — оның құрамында бета-казеин A1 ақуызының болмауы. Бұл ақуыз кей адамдар үшін қиын қорытылып, жағымсыз әсер тудыруы мүмкін.

Жаңа өндірістік желінің іске қосылуы Қазақстанда гипоаллергенді сүт өнімдерінің толыққанды секторын қалыптастыруға жол ашып, халық денсаулығын жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті