2021 жылдың желтоқсан айының соңында ет өнімдері бағасы бір жылда 16,6% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Ең көп қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: бір жылда 22,6%. Одан кейін Павлодар (21,7% қымбаттады) және Солтүстік Қазақстан (21,5% қымбаттады) облыстары. Баға бір жылда ең аз қымбаттаған өңір Ұлытау облысы: 9,7%.
Ет пен құс еті жылдық динамикада 15,4%, шұжық өнімдері 22,2%, ет өнімдері 15,9% қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті — 29,4%, жылқы еті — 16,7%, шошқа еті — 14,3%, қой еті — 12,9%, сиыр еті — 10,1% қымбаттады. Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжық 23,6%, жартылай ысталған шұжық 22,2% қымбаттады.
2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда ешкіні (бір жылда 0,9% азайып 2,3 млн болды) және шошқаны (бір жылда 10% азайып 812,5 мың болды) санамағанда негізгі мал басы саны көбейді.
Жылқы саны бір жылда 12,1% көбейіп 3,7 млн басқа, түйе — 8,6% көбейіп 260,5 мың басқа, ірі қара — 5,2% көбейіп 8,5 млн басқа, қой — 4,4% көбейіп 19,6 млн басқа, құс — 1,1% көбейіп 50,8 млн басқа жетті.
Жалпы, биылғы қаңтар–қараша айларында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру оң көрсеткіш көрсетті.
Атап айтқанда, тауық жұмыртқасы өндірісі бір жылда 4,9% көбейіп 4,6 млрд данаға жетті. 1,8 млн тонна мал мен құс тірі салмақта шаруашылықтарда сойылды немесе союға сатылды (бір жылда 0,7% өсім), сойылғаннан кейінгі салмақта 1,1 млн тонна (0,4% өсім) сатылды.
Шаруашылықтар 5,9 млн тонна сиыр сүтін сауды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық.
Ірі малдың терісін өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% өсіп, 2,9 млн дана болды, ал ұсақ малдың терісін өндіру, керісінше, сәл төмендеді: 0,5% азайып, 6,6 млн дана болды.
2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан әкетудің жаңа ережелері күшіне енді. Сандық шектеулер енгізілді.
Бұйрық бойынша квота тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға ғана белгіленіп, асыл тұқымды малға қолданылмайды.