Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада студент мопед ұрлады деген күдікке ілінді

Елордада студент мопед ұрлады деген күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz

Астана қаласында студент ұрлық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол тұрғын үй ауласынан мопедті заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалаған. Түнгі уақытта Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған мопедті белгісіз біреу айдап кеткен. Оның иесі полицияға жүгініп, көлік құралының ұрланғанын хабарлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. 

Мопедті ұрлап, міну барысында қолын сындырып алған. Үйіне дейін жеткізе алмай жақын жердегі белгісіз бір мекенжайға қалдырып, 4 күннен кейін алып кеткен. Ол — қаладағы колледждердің бірінде білім алатын 2 курс студенті. Тексеру кезінде ол кінәсін толық мойындап, мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы мен процестік шешімдер заң талаптарына сәйкес қабылданатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті