Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Tubacex вице-президенті Антон Азлормен өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру келешегін талқылады

Олжас Бектенов Tubacex вице-президенті Антон Азлормен өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру келешегін талқылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында Үкімет басым салалардағы ынтымақтастық бойынша инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов испандық Tubacex Group компаниясының вице-президенті Антон Азлормен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық келешегі, атап айтқанда жоғары технологиялы жаңа өндірістерді енгізу мәселелері талқыланды. Жіксіз құбырларды қоса алғанда, мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнімдер шығаруға назар аударылды.

Шетелдік инвестор Атырау облысында тот баспайтын болаттан және никель қорытпаларынан жасалған жіксіз құбырлар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауытты салу жобасын ұсынды. Жобалық қуаты – 12 мың тонна дайын өнім.

Сонымен қатар заманауи мұнай-газ машинасын жасау зауытын ашудың келешегі талқыланды.

ҚР Үкіметі қосылған құны жоғары өнім шығару бойынша өндірістер ашуға баса назар аудара отырып, өнеркәсіп секторына инвесторлар тартуға мүдделі.

Кездесу соңында тараптар әрі қарай ашық және сындарлы диалогке дайын екендерін жеткізді. Тиісті мемлекеттік органдарға жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін пысықтауға жәрдем көрсету тапсырылды.

Анықтама: Tubacex мұнай және газ өндіру (су асты, су үсті және жер үсті) және электр энергиясын өндіру (дәстүрлі және атом), сондай-ақ мұнай химиясы өнеркәсібі саласындағы жетекші компаниялар үшін тот баспайтын болаттан және энергетикаға арналған арнайы қорытпалардан жасалған өнімдерді өндіруде әлемдік көшбасшы саналады. Tubacex-тің бүкіл әлем бойынша 24 өндірістік кәсіпорны және 14 қызмет көрсету орталығы бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті