Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады

Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесу өткізді. Онда автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Proton Holdings компаниясының Қазақстанда электромобильдер шығару жоспарын талқылады. Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу Қазақстан экономикасын әртараптандыру және орнықты өсуі үшін маңызды мәнге ие. Осы жылдың бірінші тоқсанында аталған салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылды. 2024 жылы инвестиция көлемі 2 есеге – 282 млрд теңгеге жетті.

Жиында Үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешегі зор. 

Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты. 

Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті