Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында балаларға қаржылық қауіпсіздік негіздері үйретілді

Түркістан облысында балаларға қаржылық қауіпсіздік негіздері үйретілді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сабақтар ұйымдастырып, өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сабақтар барысында балаларға келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: қаржылық алаяқтықтың түрлері, оның ішінде дропперлер мен қаржы пирамидалары; вейп қолданудың зияны, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық негіздері.

Сонымен қатар, қызметтік иттерді қолдана отырып, есірткі заттарын анықтау және іздеу бойынша кинология қызметкерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Демалушылардың қатысуымен спорттық жарыстар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 3610 адамды құрады, оның ішінде балалар, тәлімгерлер мен ата-аналар бар. Қатысушыларға QR-кодтары бар 2060 ақпараттық брошюра таратылды.

Бұдан бөлек, «Қолынан келсе, мені алдап көр» тақырыбындағы қаржылық сауаттылыққа арналған балалар сурет байқауының қорытындысы бойынша 20 бала марапатталды, олардың 10-ы – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті