Жалпы алғанда облыс бойынша 34080 коронавирустық жағдай тіркелген. Оның 21987-сі симптомды болса, 12093 симптомпсыз болып табылады. Тәулігіне 93, оның ішінде 57 симтомпды, 36 симптомсыз жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген. Алдыңғы аптамен салыстырғанда жағдай саны 5,9%-ға азайған, деп хабарлайды kazlenta.kz.
1 қаңтардан бастап жалпы саны 24859: 17321 симптомды, 7538 симптомсыз жағдай тіркелген. Сонымен қатар аталған уақыт аралығында балалар да ауруға шалдыққан. 2021 сәби ауру жұқтырып, оның 1942-сі ауруды жеңсе, 79 бала әлі ем алу үстінде.
Облыста 20 инфекциялық стационар жұмыс істейді, жалпы алғанда төсек-орын саны бойынша жүктемелігі 40,4%. 1459 орынның 590-ы бос емес. Оның ішінде қала бойынша жүктемелігі 52,7% құрайтын 7 стационар қызмет атқарады. 911 орынның 481-інде науқастар ем алуда. Ал реанимациялық төсектердің жүктемелігі 45,9%-ды құрайды. 109-дың 50-і нде ауыр науқастар емделіп жатыр.
Инфекциялық стационар дәрігерлері ауырып жатқан адамдардың көбінің дені вакцина алмағандар екенін жеткізді. Дегенмен вакцина алғандар да ауруға шылдығу мүмкіндігін жасырмайды. Маңызды факттардың бірі вакцина алған адамдар бұл ауруды жеңіл өткізеді. Батыс Қазақстан облысы бойынша І компонентпен екпе алғандар саны 192 002-ні құраса, ІІ компонентпен екпе алған адамдар саны 150 432-ге жетіп отыр.
Еске сала өтейік, пандемия басталғалы бері 26058 адам аурудан айықса, 646 адам көз жұмды. Жыл басынан бері 477 өлім жағдайы тіркелді. Ал соңғы аптада 28 адам өмірден озды.
Осы орайда мамандар вакцианация қалыпты өмірге оралуға септігін тигізетін жалғыз құрал деп отыр. Өңір халқының жартысынан астамы облыс орталығы Орал қаласында шоғырланғандықтан негізгі ақпараттық жұмыстар қалада ұйымдастырылуда . Бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 43% құрайды, бұл облыс бойынша осы көрсеткіштің жалпы төмен деңгейін анықтайды. Қалған аумақтарға келетін болсақ, 12 ауданның 10-ында вакцинациямен қамту деңгейі 80%-дан асады, тек екі ауданда: Қаратөбе және Сырым аудандарында – қамту тиісінше 28 және 47% - ды құрайды.
Өңірімізде вакцинация қарқыны өте төмен, бұл пандемияның жоғары көрсеткіштеріне және өлім-жітімнің артуына әсер етеді. Жалпы қазіргі таңда біздің елімізде вакцинациялауға жататын 10 млн адамның 6 млн-ы ғана вакцинацияланған.