Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да балалары бар петропавлдық әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан

ШҚО-да балалары бар петропавлдық әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді.

Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде Telegram мессенджері арқылы “скорость” және “меф” деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ әйел құқық қорғау органдарының назарына түсті.

Есірткіні қойып кетумен айналысқандардың бірі 8 және 6 жастағы екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана екені белгілі болды. Ол заңсыз әрекетін реттеу үшін ағымдағы жылдың маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан.

Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның “қара нарықтағы” бағасы 11 млн. теңгеден асады. Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Балалары жақын туыстарына берілді.

– Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты