Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-ға 8 келіден астам “гашиш” әкелмек болған Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды

Аса ірі гашиш партиясын ШҚО-ға әкелмек болған Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі трафигінің жолын кесу бойынша кезекті арнайы операцияны өткізді. Бұл жолы екі адам анықталды, олар Жарма ауданына өсімдік есірткі заттарының аса ірі партиясын әкелуге тырысқан. Есірткіні саудамалақ болған Жамбыл облысының тұрғыны, есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен автокөлікпен тасымалдаған. Кейін оны ауылдық жерлердегі жастар арасында өткізбек болған, бірақ тәртіп сақшылары бұл әрекеттің жолын кесті.

– Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шара “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді. Автокөлікті тінту барысында күдіктілерден сегіз килограмнан астам “гашиш” тәркіленді, бұл бір жарым мыңнан астам дозаға тең. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрі айқындаған басым міндеттердің бірі болып табылады, сондықтан біз осы бағыттағы қалыптасқан жағдайды мұқият қадағалаймыз және осындай фактілердің жолын кесу бойынша дереу ден қоюды қамтамасыз етеміз, – деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Ұсталғандардың екеуі де соттың санкциясымен тұтқындалды және тергеу аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады