Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да синтетикалық есірткі сатқан адам қамалды (видео)

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі сатқан адам темір торға қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.


СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл қ. тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол көктемде полицияның назарына іліккен. Шілде айында мұқият жедел бақылауда ұстау нәтижесінде есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан үш грамм “спайс” табылды. Үйде тінту жүргізу барысында төрт грамнан астам концентрат пен 78 грамнан аса дайын есірткі алынды. Бұдан бөлек, грамдап өлшейтін таразы, зиплоктар (буып-түю материалдары), 800 мың теңгеден аса ақшалай қаражат, ақша аударымдары чектері алынды.


– “Спайс” синтетикалық каннабиноид, әсері күшті есірткінің бір түрі болып табылады, – деп түсіндіре кетті Петропавл қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов. – Алынған концентрат 200-ге жуық доза дайындауға жеткілікті. Қылмыскер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-б. 3-т. (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотталды. Аталған тармақ ірі мөлшердегі заңсыз есірткі айналымын көздейді. Полицейлер ұсталғанның 16 жасынан бастап есірткі қолданатындығын нақтылайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты