Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Халықаралық йога күні жаппай жаттығу өтті

Астанада Халықаралық йога күні жаппай жаттығу өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Халықаралық йога күніне орай ниет білдірушілер үшін ашық жаттығу өтті. Іс-шара Ботаникалық бақта ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаттығуға таңертең аталмыш жаттығу түрін ұнататындар жиналды, олардың кейбірі балаларымен, отбасымен келген.Іс-шараны Астанадағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығы мен Yoga Family Astana ұйымы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Бағдарламаға Үндістаннан келген тәжірибелі жаттықтырушылармен сабақтар енгізілді. Қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.Қонақтарды Үндістанның Қазақстандағы елшісі Нагендра Прасад құттықтады.

«Сіздерді Халықаралық йога күнімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы онжылдықта йога бүкіл әлемге таралып, дене мен жанды үйлестіретін жаһандық қозғалысқа айналды. Ол денсаулықты жақсартудың тиімді әдісі ретінде насихатталуда. Йога – бұл жай ғана дене жаттығуы емес, ол ішкі тыныштыққа, төзімділікке үйретеді және қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге баулиды. Бүкіл әлемде йогаға деген қызығушылық, ынта мен кеңінен танылу байқалады. Үндістанның бастамасы көптеген адамдарға денсаулығына қатысты түрлі мәселелерді еңсеріп, өмірін жарқын етуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз», – деді елші.

Астана қаласы әкімдігі атынан жиналғандарды Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай құттықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді