Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 25 млн теңгеге бағаланған 5 тонна насыбай өртелді

Астанада 25 млн теңгеге бағаланған 5 тонна насыбай өртелді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласы аумағында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының рейдтік іс-шаралары барысында тағы 5 тонна насыбай тәркіленді. Бұл өнімнің жалпы құны 25 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Насыбайды жою акциясы «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында өткізілді.Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Полиция департаменті «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және жеке әріптес – «Kazecotech» ҒТК ЖШС және Еуропа-Азия «Жасыл экономика» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды. Насыбайды жою акциясы өндірістік база аумағында өтті. Ол медициналық қалдықтарды утилизациялауға арналған арнайы қондырғыда жойылды. Бұл – Қазақстанда «жасыл» технологиялар мен жабдықтар тізіліміне енгізілген жалғыз қондырғы. Ол «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ тізілімінде бар. Осыған орай, насыбай секілді шегілмейтін қоспаларды термиялық жолмен жою қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Процесті арнайы комиссия бақылады.

Рейдтік іс-шаралар барысында елорданың алты ауданындағы 500-ден астам сауда орны тексерілді. Полиция департаменті мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 100-ден астам дерегін анықтады. Барлық өнім тәркіленіп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Рейдтердің нәтижесінде құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Барлық өнім оқиға орнында тәркіленеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады