Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оған қатысу үшін кандидаттың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес сертификатының болуы қажет (ұсынылатын құжаттар: 3х4 нұсқада фотосурет, білімін, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат).

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады (кандидаттардың құжаттарын қабылдау; мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; ситуациялық тапсырмаларды шешу; құзыреттерді бағалау; Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда  кандидаттармен әңгімелесу; Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау) және осы жылдың маусым-қазан айлары аралығында өткізіледі. Оған қатысатын кандидаттардың құжаттарын қабылдау осы жылдың 1-30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн жүзеге асады.

Бұл ретте, іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар салалары бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде осы салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады.

Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша Резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Кандидаттың резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы, анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну, кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі болып табылады.

Осы орайда, жастарымыздың бойындағы күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру үшін, мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет.

Сондықтан, елге адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамын.


Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасыскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады