Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Президенттік жастар кадр резервінің бірқатар өкілі, атап айтқанда, Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко және «Екібастұз МАЭС – 2» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Сүйентаев Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, беріліп отырған мүмкіндік үшін алғыс айтты. Олардың айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар жастарға жол ашып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардан өңірдегі өзекті мәселелер туралы сұрап, кадр резервінде болудың жауапкершілігін атап өтті.

– Жастар кадр резерві дегеніміз – мемлекеттің резерві. Мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні – ел үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттің дамуы жолында өздеріңіздей мамандар қажет. Біз бүгін осы өңірдегі және еліміздегі түйткілді мәселелерді ашық талқыладық. Соны жүзеге асыруға сіздердің көмектеріңіз қажет болады. Барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді