Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Шымкент қаласында 260 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Бұл сома – 1 572 800 теңгені құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінім қабылдау республика көлемінде бір күнге белгіленіп, 21 мамыр мен 3 маусым аралығында Enbek.Business.kz порталы арқылы онлайн түрде жүргізілді.

Өтінім берген үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын 9-19 маусым аралығында офлайн форматта комиссия алдында қорғайды. Комиссия құрамына қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және кәсіпкерлер кіреді.

Комиссия мүшелері жобалардың өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, жұмыс орындарының ашылуына және өндірістік әлеуетіне мән береді.

2024 жылы қайтарымсыз грант 428 тұрғынға мақұлданған болатын. Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 44-і мал және құс шаруашылығы, 100-і қызмет көрсету салалары, 56 жоба кондитер және нан өнімдері, 84-і тігін, 31 жоба жартылай фабрикаттар, 8-і жиһаз өндірісі, 62 жоба өндіріс саласы және 43-і қоғамдық тамақтану орындары іске қосу жобасын құрады.

Биыл әлеуметтік осал топтарынан 934 азамат өтінім беріп отыр.

Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылады.

Қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға, акцизделетін өнімдерді (мысалы, алкоголь, темекі) өндіруге жұмсалмайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады