Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3,6 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

3,6 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды
Фото: pixabay.com

2023 жылдың басынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 600 грант берілді. 2023 жылы барлығы 9 000 грант беру жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2023 жылғы 15 мамырдан бастап 26 мамырға дейін гранттардың екінші легі аясында өтінімдер қабылданды. Бүгінгі таңда үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады, келісімшарттарға қол қою және грант алушыларға қаражат аудару процесі жалғасуда.

Гранттардың екінші легі шеңберінде үміткерлерден барлығы 26,9 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 16,1 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 4,8 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 3,3 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 1,3 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған 1,1 мың адам, 91 қандас және 272 қоныс аударушы өтініш берді.

Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (6,1 мың) және Жамбыл (3,1 мың) облыстарының (6,1 мың) және Шымкент қаласының (2,9 мың), ең аз саны Ұлытау (210) және Ақмола (324) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті.

Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді