Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 214 тұрғын қайтарымсыз грант иеленді

Шымкентте 214 тұрғын қайтарымсыз грант иеленді
Фото: Tengrinews.kz

Қалада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп,бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті.

Қатысушылардың жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Сонымен қоса, үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы шарт.

Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне назар аударды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 25-і мал және құс шаруашылығын, 52 –сі қызмет көрсету, 34 кондитер және нан өнімдері, 41 тігін саласын, 16 жартылай фабрикат өнімдерін, 3 - жиһаз өндірісін, 35 өндіріс саласын, 8 тамақ өнеркәсібін қамтыды.

Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады.

Қазір грант иегерлерімен келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуда. Бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады