Мәслихат депутаттары Алматы бюджетін нақтылауды қолдады. 30-шы кезектен тыс сессияда олар 2025 жылғаарналған өзгерістерді мақұлдады. Негізгі назар әлеуметтік салаға аударылды. Аталған саланы қаржыландырудың жалпы көлемі 652,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржының 27,9% -ы білім беруге бөлінген. Негізгі міндеттердің қатарында: балабақшаларға кезекті азайту, оқу орындарының жетіспеушілігін жою, білім беру сапасын арттыру және қосымша оқытуды дамыту. Мектептердегі қауіпсіздікке де көп көңіл бөлінеді. Қазір қаланың барлық 216 мектебі заманауи қауіпсіздік жүйелерімен — бейнекамералармен, дабыл түймелерімен, турникеттермен және өрт дабылымен жабдықталған.Денсаулық сақтау маңызды бағыт болып қала береді. Соңғы жылдары алғаш рет емханалар мен оңалту орталықтарын күрделі жөндеу, ауруханаларға, перзентханаларға және алғашқы медициналық көмек орталықтарына арналған заманауи медициналық жабдықтарды сатыпалу жоспарлануда.