Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті

Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті
Фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің жалақысы көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру саласының әкімшілік және көмекші қызметкерінің жалақысы 30%-ға ұлғайтылды.
Бұл шешімді мәслихат депутаттары қолдады. Әкімнің айтуынша, жалақының көтерілуі қызметкерлердің ынтасын арттырып, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл саланы қаржыландыру жалғаса бермек.2025 жылға арналған Алматының нақтыланған бюджеті бойынша әлеуметтік салаға арналған шығыс шамамен 40%. Жалақыны көтеру 20 314 қызметкерді қамтиды, олардың ішінде есепшілер, кітапханашылар, психологтар, әлеуметтік және техникалық қызметкер бар.Сондай-ақ медициналық қызметкерді қоспағанда, медициналық-әлеуметтік мекемелердің 1632 қызметкеріне 30% үстемеақы қарастырылған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі