Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде орташа жалақы 92 мың теңге болатын 5,5 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы kazlenta.kz ЕХӘҚ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

ЖҚЖК жобалары мынадай 4 негізгі бағытқа бөлінген:

– халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

– ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

– агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

– өңірлерде бизнесті дамыту.

Қазіргі уақытта бағдарлама аясында 161 инфрақұрылымдық жобада құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тағы 38-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр.

Естеріңізге сала кетейік, ЖҚЖК аясында 2021 жылы барлық бағыттар бойынша 40,9 мың жұмыс орны құрылады. Оның 28,3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары болады.

Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына бару арқылы ЖҚЖК шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. 

Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар ретінде тіркелгендер, сондай-ақ жұмыстан босатылатын адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, студенттер қатарынан қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктейді және оларды инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.

Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі.

Қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыруға кепілдік бере отырып, тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері (83 мың теңге) деңгейінде белгіленеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді