Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жезқазғанда полицей жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды

Жезқазғанда полицей жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Жезқазғанда полицей жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жезқазған қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Азат Есенғабылов батылдық пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ол дер кезінде әрекет етіп, ес-түссіз қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Оқиға қалалық бағыттағы автобустардың бірінде болған. Кезекшілік барысында аялдама маңында жүрген полиция қызметкері кенеттен автобус ішінен көмек сұраған әйелдің дауысын естіп, дереу әрекет етеді. Салонға кіргенде ол талмасы ұстап, есінен танып қалған жасөспірімді көреді. Азат Есенғабылов бір сәтке де кідірместен қыз баланы автобустан көтеріп шығарып, аялдамадағы орындыққа жатқызып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем шақырып, медициналық мамандар келгенге дейін жасөспірімге қолдау көрсетуді тоқтатпаған. Көрсетілген шұғыл көмектің нәтижесінде 16 жастағы қыздың жағдайы тұрақталып, ол дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жасөспірімнің анасы полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдіріп, оның бейжай қалмай, көмек қолын созғаны үшін ризашылығын жеткізді. Азат Есенғабылов ішкі істер саласында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Ал 2018 жылдан бастап кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор ретінде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, адам өміріне бейжай қарамайтынының айқын дәлелі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады