Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Француз компаниясы Қазақстан су инфрақұрылымын жаңғыртуға қызығушылық танытты

Француз компаниясы Қазақстан су инфрақұрылымын жаңғыртуға қызығушылық танытты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев SUEZ компаниясының аға вице-президенті Сильвер Делонемен келіссөздер өткізді. SUEZ – экологиялық қызметтер мен тұрақты инфрақұрылымдық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Бүгінде компанияның 40-тан астам елде өкілдігі бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстанда Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде Ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 4,7 мың шақырым су құбыры мен 2,6 мың шақырым кәріз желісін жаңғырту жоспарланып отыр.

SUEZ компаниясының елімізде операциялық өкілдігі болмағандықтан, қазақстандық тарап компанияға біздің елімізде өз өкілдігін ашуды ұсынды. Бұл ұзақмерзімді ынтымақтастыққа жасалатын маңызды қадам болар еді.

Серіктестік аясында Қанат Бозымбаев су ресурстарын басқару және су тазарту технологияларын трансферттеудің, қазақстандық мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау және local content басымдықпен қолданудың өзектілігіне назар аударды.

Тараптар өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін пысықтау үшін жұмыс тобын құруға келісті.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді