Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жанармай құю бекетіндегі жарылыс: жұмысқа салғырттық екі адамның өліміне алып келді

Жанармай құю бекетіндегі жарылыс: жұмысқа салғырттық екі адамның өліміне алып келді
Фото: pixabay.com

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында ЖШС-нің екі қызметкеріне үкім шығарылды, олар автожанармай құю станциясындағы өрт салдарынан екі адамның қаза болуына байланысты тергеуге алынған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушылар орындығында "JOL YRYSY" ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істеген Нұрсұлтан Шыналиев және серіктестіктің басқарушы директоры Болат Лесбеков отырды. Оларға ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келу) айып тағылды.

Сот анықтағандай, 2024 жылғы 19 маусымда Шыналиев DAF маркалы тіркемелі автоцистернамен сұйытылған мұнай газын "JOL YRYSY" ЖШС-не қарасты Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы жанармай құю бекеттеріне жеткізіп жүрген. Шамамен сағат 23:30-да ол Дархан ауылындағы АЖҚС-қа келген.

"Автоцистернадан станция резервуарына сұйытылған мұнай газының 7%-ын құю кезінде, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болған Лесбеков шлангілерді дұрыс бекітпеген, бұрандалы қосылыстардың сенімділігін қамтамасыз етпеген; соның салдарынан газдың ағуы орын алып, газ-ауа қоспасы түзілген", – делінген үкімнің сипаттамалық бөлімінде.

Төмен калориялы жалын көзімен (мүмкін, ұшқынмен) жанасқан кезде станцияның солтүстік-батыс бөлігінде жану орын алған. От оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағытта таралған. Өрт салдарынан ошақтан оңтүстік-шығысқа қарай 67,1 метр қашықтықта орналасқан Ш. Елмұрад пен И. Амир қатты күйік алып, қаза тапқан.

Сотта сондай-ақ марқұм жігіттердің сол кеште жанармай бекетінің ар жағындағы егістік алқабында бақша дақылдарын суарып жүргені анықталған. Олардың көлігі батпаққа батып, жүре алмай қалған.

"Негізгі сот отырысында куәгер С. Б. Қалдар оқиға болған жерде болғанын айтты. Ол марқұмдар Ш. Ш. Елмұрат пен И. А. Амирдің көліктерін балшықтан шығаруға көмектесіп жатқан, сол кезде жанармай құю станциясының артқы бұрышынан кенеттен жалын тұтанып кетті. Ол өз көлігіне қайта оралып үлгерген, содан кейін жарылыс болды. Оқиға салдарынан оның екі досы тірідей жанып кетті", – делінген сот құжатында.

Сот үкімі бойынша екі айыпталушы да кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі