Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған газ бағасы өсті

Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған газ бағасы өсті
Фото: pixabay.com

Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы бұйрықтарымен ҚР газ толтыру станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің ішкі нарықтағы шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуіне байланысты автомобиль газының құны:

  • Астана – литрі 84 теңге (бұрын 76 теңге);
  • Алматы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Шымкент – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Ақтөбе облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Атырау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Ақмола облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Алматы облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Жамбыл облысы – 78 теңге (71 теңге болды);
  • Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Қостанай облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Қарағанды облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Маңғыстау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
  • Павлодар облысы – 81 теңге (74 теңге болды);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
  • Түркістан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
  • Абай ауданы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Жетісу облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
  • Ұлытау облысы – 84 теңге (бұрын 76 теңге).

No 232 және № 233 бұйрықтар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты оның бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған, сондай-ақ өсудің басқа да бірқатар себептерін атаған.

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28 пайызға артып, сала шығынға ұшырап жатқанын да жазғанбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді