Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер мас күйінде автокөлік жүргізген азаматты ұстады

Талдықорғанда полицейлер мас күйінде автокөлік жүргізген азаматты ұстады
Фото: Polisia.kz

Талдықорған қаласында полицейлер мас күйінде автокөлік жүргізген азаматты ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Honda көлігін басқарып келе жатқан ер адам кері қозғалған сәтінде Hyundai автокөлігіне соқтығысқан. Тексеру барысында оның бұрын да дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. 2022 жылы ол мас күйінде көлік басқарғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Алайда жазасын өтеп шыққан соң, ол заң талабын елемей, тағы да өз өмірі мен айналасындағылардың өміріне қауіп төндірді. ҚР Қылмыстық кодексінің талаптарына сәйкес, көлік құралын қайтадан мас күйінде басқару — ауыр құқықбұзушылық болып саналады.

Мұндай әрекет үшін төрт жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ өмір бойы көлік жүргізу және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қайталанған мұндай әрекеттердің қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өтіп, заң аясында қатаң жаза қолданылатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді