Шерзат Болат (Полат) ісі бойынша айыпталушы полицейлер тарапынан азаптау мен соққы көргені туралы шағымданды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Нұрбол Тоқтаубаев бүгін, 15 мамырда, сотта жауап алу барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Шерзаттың өлімінен бірнеше сағат өткен соң оны үйінен ұстап әкеткен.
Бүгін сотта Тоқтаубаев тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты."Полиция бөлімінде мені ұрып-соға бастады. Кейін Қаржаубай келді, ол да ұрып-соғып, балағаттады. Маған қысым жасалды, қызметкерлер қандай айғақтар беру керек екенін айтты", - деді Нұрбол Тоқтаубаев.
Айта кетейік, Нұрбол Тоқтаубаев "Бұзақылық" бабы бойынша айыпталып отыр. Онымен бірге оның бауыры – Азамат Тоқтаубаев та айыпталушылар қатарында. Нұрбол Тоқтаубаевты төбелес орнына айыпталушы Дархан Әскентай шақырған. Оның айтуынша, төбелес кезінде тек Нұрғанат Ғайыпбаевты тепкен.