Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Сот отырысын тікелей эфирде Жоғары соттың Youtube арнасынан көруге болады.
Өткен сот отырыстары 28-29 сәуір күндері өтті. Іс бойынша 9 айыпталушы бар. Судья — Ержан Жанұзақов. Келесі сот талқылауы 6 мамыр, одан кейін 15-16 мамыр күндері болады.
Бұрын сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді.
Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер куәлік берді.
Оған дейін сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді.
Екінші куәгер қыз Дана Жақсыгелді оқиға туралы баяндады.
Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.