Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушылардың қорғаушылары прокурорға қарсылық білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алу басталды. Прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушы Дархан Әскентайға сұрақтар қойып бастаған кезде оның қораушысы прокурорға қарсылық білдіретінін мәлімдеді. Бұл қарсылықты қорғаушы тарап қолдады.
"Ол (Дана Сәрсенбай – еск.) сұрақтарды бұрмалап қойып, айыпталушыға қысым көрсетіп, дауыс көтеріп сөйлеп отыр. Біз мемлекеттік айыптаушыға қарсылық білдіреміз", – деді адвокат Мәулен Ержанов.
Сондай-ақ, адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбай жәбірленуші тараппен "процессуалдық емес байланыс" орнатқанын мәлімдеді.