Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты

Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Шерзат Болаттың (Полаттың) өліміне қатысты сот процесі барысында марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Санат Абдықадырды беттестіру кезіндегі видео көрсетілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілішісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Беттестіру кезінде Қаржаубай Нұрымов "Делайте" деген сөзді Санат Абдықадыр айтқанын баяндады.

"Ол (Санат Абдықадыр – еск.) Нұрқанатпен (Ғайыпбаев – Шерзаттың ағасы – еск.) амандасып, сөйлесті. Осының аузынан шықты: "Мен шалмын ғой, мен төбелеспеймін, мен үшін жігіттер төбелеседі" деген. Соны сездім де дүкенге кіріп телефонды алып қоңырау шалып жатқанмын. Дүкенге кіріп бара жатқанда "Делайте", деді... Содан кейін төбелес басталып кетті", – деді Шерзаттың әкесі видеода.

Айта кетейік, бұған дейін Санат Абдықадыр сотта Нұрқанат Ғайыпбаевпен сол оқиға болған күні танысқанын айтқан. Оның айтуынша, олар дүкеннің жанында кездейсоқ кездескен. Шерзаттың ағасы оларға кикілжің іздеп келген жоқсыңдар ма деп сұрағанда, Абдықадыр тек дүкенге келгенін айтып, өзі "шал екенін" айтқан.

Айыпталушылардың бірінің адвокаты осы жағдай бойынша соттан Қаржаубай Нұрымовты қайта жауап алуға шақыруды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды. Қаржаубай Нұрымов айыпталушылардың барлығы жауап беріп, қылмыстық іс материалдары зерттелгеннен кейін сотқа жауап алуға шықарылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді