Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен мемлекеттік қолдау шаралары және АӨК-ті дамыту мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен мемлекеттік қолдау шаралары және АӨК-ті дамыту мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министрге «Село Восточное» ЖШС жұмысын көрсету арқылы саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы баяндады. Ағымдағы егіс науқанында фермерлер тұқымдармен, дизель отыны және минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген. «Село Восточное» ЖШС директоры Иван Попович биыл жалпы жаздық егіс 54 мың гектарды құрайтынын хабарлады. Оның ішінде бидай 47 мың гектар алқапқа, арпа 5,3 мың гектарға егілді. Шаруашылық өсірілген астықты ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу үшін өткізеді.  

Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады. Еліміздің ең ірі астықты өңір биыл 5,1 млн гектар алқаптан өнім алады, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 млн гектарға егіледі деп жоспарлануда. Әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың, әлеуметтік маңызы бар және жемшөп дақылдарының үлесі артып келеді. Биыл фермерлер минералды тыңайтқыштарды енгізудің көлемін 1,3 есеге – 337,6 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,2 есе көп.

Сондай-ақ 2025 жылы өңірде АӨК саласында құны 52,5 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте 2027 жылға дейін 93 жоба мен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. 

Егіс алқабында Премьер-министр Қостанай облысының ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде IV Ұлттық құрылтайда Президенттің жалпы өнім шығару мен еңбек өнімділігін арттыру және астықты терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттерін ескере отырып талқыланды. Өсімдік шаруашылығын ғана емес, ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын да дамытуға назар аударылуда. Кездесу барысында «Алтынсарино» ЖШС басшысы Борис Князев, «AB agro» ЖШС басшысы Нұрқанат Тәжнияз, «Сыма-К» ЖШС басшысы Манат Карбозов және басқалары сөз сөйледі. Айналым қаражатын толықтыру үшін шаруаларды субсидиялау, мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, сала үшін білікті мамандар даярлау, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға бизнестің белсенді қатысуы мәселелері көтерілді. 

«Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев жыл сайын көптеген кәсіпорындар пайдаланатын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Мәселен, шаруашылық техникасының негізгі бөлігі – 326 трактор, 56 тұқым себу кешені және 87 өнімділігі жоғары комбайндар мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы сатып алынды.

«Біз ауыл шаруашылығын қолдауға 700 млрд теңге бөліп, бұл көрсеткішті 1 трлн теңгеге жеткізгіміз келеді деген шешімді қуана қабылдадық. Бұл өте жақсы. Біз әртүрлі салаларда – құрылыс, ЖЖМ, салықтар бойынша қолдауға ие болып отырмыз. Мемлекеттің қамқорлығына өнім өндірісін ұлғайту арқылы жауап беру қажет екенін түсінеміз. Сондай-ақ адамдарға, әлеуметтік мәдени өмірге қамқорлық жасау керек, бұған да назар аударамыз. Мысалы, біздің шаруашылық 10 абаттандырылған үй салып жатыр. Өткен жылы газдандыруға, асфальт төсеуге, үй салуға және абаттандыруға шамамен 1 млрд теңге жұмсалды. Мемлекет көмектесіп, сіз де өзіңіз инвестиция салсаңыз, жақсы нәтиже аласыз. Бірге болғанда кез келген жүкті көтеру әрқашан оңай», — деп атап өтті «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев. 

«AB agro» ЖШС директоры Нұрқанат Тәжнияз 12 мың басқа арналған қой фермасын құру жоспарымен бөлісті. Өңірде жүзеге асырылып жатқан АӨК инвестициялық жобаларын қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту бағдарламасына қатысу мәселесі көтерілді. 

«Сыма-К» ЖШС директоры Манат Карбозов өз кезегінде мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруашылық үш жыл ішінде мал басын екі есеге – 1,5 мың басқа дейін арттырғанын жеткізді.  

Шаруалармен кездесу барысында Олжас Бектенов Үкімет агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. 

«Президенттің тапсырмасымен соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын білесіздер. Былтырдан бері салаға қомақты қаржы құйылып жатыр. Салыстыратын болсақ, 2022 жылға дейін қаржыландыру көлемі 70 млрд теңгеден аспайтын. Биыл 700 млрд теңге инвестиция салып отырмыз. Мемлекеттік қолдау 10 есеге артты. Көрсеткіштерге сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі шамамен 4%-ды құрайды. Бұл – аса үлкен көрсеткіш емес, алайда, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз өзімізді негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуіміз керек. Келесі жылы қолдау көлемін одан әрі арттырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз кезегінде ауылда өмір сүру сапасын арттыру үшін өз үлестерін қосып, барлық қажетті жағдайларды жасауға тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді