Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады

Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директоры Аркадиуш Жаворскиймен кездесті. Қазақстандық мамандарды оқыту және сертификаттау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Pearson – әлемдегі жетекші білім беру компанияларының бірі және Ұлыбританиядағы ең ірі біліктілікті сертификаттау ұйымы. Білім беру бағдарламалары мен бағалау саласындағы халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтың арқасында Pearson әлемдік деңгейдегі біліктілік стандарттарын әзірлейді. Компанияның тізіміне кіретін BTEC сертификаты 70-тен астам елде танылған.

Вице-премьер жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларын (кәсіптік стандарттар), оларға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын және осы бағдарламалар бойынша білім алушылардың білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын бағалауды (сертификаттау) қамтитын Ұлттық біліктіліктің отандық жүйесін дамыту туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беруді интернационалдандыру басталды. Елде 23 танымал шетелдік университеттер жұмыс істей бастады. Орта және кәсіптік білім беруді трансформациялау бойынша шаралар қабылдануда. ТжКБ нарық үшін кадрлар даярлау базасына айналуы тиіс.

«Бүгінде бізде құрылыс, энергетика, мұнай-газ секторы салаларына маман даярлайтын бірнеше колледж халықаралық стандарттарды қолдануда. Бұл үрдісті жалғастыру біз үшін маңызды. Сондықтан дәл осы бағытта біз тиімді ынтымақтаса аламыз деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Pearson компаниясының өкілі Қазақстанда халықаралық оқу стандарттарын және тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу үшін салалық министрліктермен әріптeстік орнатуға дайын екендігін білдірді.

«Стандарттарды әзірлеу кезінде біз жұмыс берушілердің сұранысына назар аударамыз. Біз біліктілік стандарттарын құру, оқу бағдарламаларын бағалау және қажет болған жағдайда оларды жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Аркадиуш Жаворский.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты